Павлодар облысына бірінші компоненттің 362 789 дозасы, 2 компоненттің 338 418 дозасы жеткізілді. Өңір тұрғындары «Спутник V», «QazVac», «Sinopharm» вакциналарымен егіле алады. Екпенің бірінші дозасын вакцинациялауға жататын облыс тұрғындарының 65,3%-ы, екінші дозаны – 57,5% салдырды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрмановаосындаймәліметтерді келтірді.