Республикада 8 айдың қорытындысы бойынша 3,2 млн тонна дизель отыны өндірілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9% - ға артық. Сонымен қатар, биыл дизель отынын өндіру көлемі рекордтық көрсеткішке жеткізілмек. Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, шамамен 5 млн тоннаны құрайды. ЭМ мұнай тасымалдау және қайта өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереевтің айтуынша, МӨЗ жаңғыртуды аяқтау 2017 жылғы деңгейден 1 млн тоннаға жуық дизель отынын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік берді.