Мемлекет саясатының ең маңызды әлеуметтік бағыттарының бірі – ерекше қажеттілігі бар адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру, олар үшін басқа адамдармен теңдей қоғамның барлық объектілерін қолжетімді ету. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомствоның Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев мәлім етті.