2020 жылы 109,2 млн тонна көмір өндірілді, биылғы жоспар – 107,3 млн тонна. Көмір өндіруші компаниялардың қазіргі ақпаратына сәйкес, бұл жоспар орындалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің қара металлургия басқармасының басшысы Жанат Игисинов хабарлады. Ол жедел деректер бойынша көмірдің елдің ішкі нарығына жеткізу көрсеткіштеріне тоқталды.