«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асыратын Жеткізушілерді дамыту қызметінің жобасы отандық өнеркәсіпті қолдаудағы тиімді құрал ретінде көрсетті. Жоба ірі тапсырыс берушілерде аккредиттеуге жәрдемдесу және сертификаттау жөніндегі шығыстарды 70% - ға дейін өтеу арқылы шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. бірінші кезеңде 200 кәсіпорын іріктеліп, әр компания үшін жеке даму жоспарлары әзірленді. Жұмыс қорытындысы бойынша кәсіпорындардың 82%-ы өздерінің бизнес-процестерін жақсартты. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.