Былтыр қыркүйек айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды («ҚДБ-Лизинг» АҚ атауын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ деп өзгерту арқылы). Оның басты мақсаты - өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді қаржыландыруды кеңейту және экономиканың нақты секторын қолдау. Қор активтері 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 737 млрд теңгені, лизинг портфелі 512 млрд теңгені құрады. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева мәлімдеді