Қазақстандық құрылысшылар жылжымайтын мүлік бағасы өседі деп болжап отыр. Олардың айтуынша, көктемде пәтер құны 30%-ға көтерілуі мүмкін. Мамандар бұл өзгерістерді құрылыс материалдары бағасының артуымен байланыстыруда. Бұл қаншалықты нақты болжам? Пәтерлердің қымбаттауына алғышарттар бар ма? Журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысушылардан осы жайлы сұрады.