Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2025 жылға дейін өңдеу өнеркәсібінің көлемін 1,5 есеге ұлғайту туралы нақты тапсырма берді. Оны орындау мақсатында нақты іс-шаралар бекітілді. 2020 жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 13 трлн теңгені құраса, 2025 жылы 19,5 трл теңгені құрауы қажет. Бұл көрсеткішке қолжеткізу үшін нақты көлем индексі жыл сайын 4-5 пайыз аралығында өсуі керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлім етті.