19 мемлекет «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауына қатысуда. Жеңімпаз 19 желтоқсанда анықталады. Ал оған дейін еліміз қызу дайындық жүргізеді. Биыл байқауға Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетпек. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина телеарнаның таланттарға іздеу салғанын хабарлады.