Биыл дизель отынын өндіру көлемі 4,9 млн тоннаны құрайды, бұл ең жоғары көрсеткіш. Көріп отырғанымыздай, динамика бойынша өндіріс те тұтыну сияқты біртіндеп артып келеді. Ағымдағы жылдың мамыр-қыркүйек айларында бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 480 мың тоннаға артық - бұл үш МӨЗ-дің айлық өндірісі. Тұтынудың артуына не ықпал етті? ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өзекті сұраққа жауап берді.