Жорамалдап айтқанда, шекараларды жапсақ, Қазақстан отандық нарықты жанар-жағармаймен 100 пайыз қамтамасыз ете алады. Бірақ ашық нарық болғандықтан көрші елдермен қарым-қатынас дамиды. Сондай-ақ, 2025 жылы Еуразия одағы шеңберінде мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарығы қалыптасады. Сонда ішкі сұраныс азаяды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.