Тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанның 3 мұнай өңдеу зауыты тұрақты жұмыс істеп, дизель отынын өндіру бойынша рекорд орнатты. Тамыз айында – 500 мың тонна ДТ өндірді, қыркүйекте де осы шамада өнім өндірілді. Сонымен қатар, тұтыну бойынша да рекорд орнатылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов хабарлады.