Павлодар зауытын жөндеуді кейінге қалдыру ауа райы жағдайына байланысты мүмкін емес. Онда 2018 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сұранысын ескере отырып, дизель отыны бойынша теңгерімді сақтау үшін жұмыс мерзімі жазда екі рет кейінге қалдырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры Дмитрий Макеев мәлімдеді.
Қазан айында Павлодар МӨЗ жөндеу кезеңінде Атырау МӨЗ 133 мың тонна ДТ, Шымкент МӨЗ – 161 мың тонна өндіреді - ҚазМұнайГаз
Тегтер:
энергетика