Шымкентте Жанар-жағармай құю бекеттерінің иелері өңірде дизель отынының тапшылығы мәселесін талқылады. Кәсіпкерлердің пікірінше, себеп жанар-жағармай нарығындағы жосықсыз бәсекелестікте жатыр. Трейдерлер жанармай тапшылығын қолдан жасап, бағаны өз беттерінше белгілей бастады. Министрлік бұл мәселені қалай шешеді? Журналистер ведомство өкілінен осы жайлы сұрады.