Қазақстан Ресейден дизель отынының жетіспейтін көлемін қандай бағамен және қандай шарттармен сатып алады? Еліміздің Энергетика министрлігі коммерциялық келіссөздерге қатыспайды. Ведомство өкілдері әріптестерімен тек Ресей Федерациясының мұнай өңдеу зауыттарының теңгерімдері кезінде Қазақстан үшін көлемді резервтеу үшін көмек көрсететіндерін және ұсыныстар беретіндері жайлы келіскен болатын. 100 мың тонна бойынша келісім бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов журналистердің сұрақтарына берген жауабында мәлімдеді.