Декларацияны қағаз түрінде – декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық түрде – 15 қыркүйектен кешіктірмей табыс етуге болады. Ал электронды түрде салық төлеушінің кабинеті Cabinet.salyk.kz, «Электрондық үкімет» порталы egov.kz арқылы, сондай-ақ e-Salyq Azamat және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Электронды түрде беру мүмкіндігін қанша адам пайдаланды? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындыларымен таныстырып өтті.