Егер азаматтар табыс туралы декларацияны уақытында тапсырмаса, онда бірінші рет ескерту алады, қайта елемеген жағдайда – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді. Сондай-ақ, жалпыға бірдей декларациялау ережелерін түсіндіру үшін бірыңғай республикалық нөмір 1414 платформасында салық және кеден мәселелері бойынша байланыс орталығы іске қосылды.