Мемлекеттік қызметшілердің және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің ата-аналары, сондай-ақ кәмелетке толған балалар да декларанттар қатарына кіреді. Бірақ бірер уақыттан кейін… ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты – капитал мен активтерді шығарудың түрлі схемаларына ықтимал қатысы болуы мүмкін барлық топтарды қамту. Мемлекеттік қызметшілердің бір бөлігі декларацияны ұсынады, бірақ кірістерді немесе жылжымайтын мүлікті көрсетпеу үшін оларды, мысалы, туыстарының немесе таныстарының атына тіркейді.