1 қазан сағат 11-00-дегі жағдай бойынша онлайн санақтан 6 429 018 адам немесе 33,8% азамат өтті. Респонденттердің 86% астамы смартфон арқылы санақтан өткен. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов «Халық санағы-2021» аралық қорытындысымен таныстырып өтті.