Ақмола облысының «сары» аймаққа өтуіне қарамастан, бұқаралық іс-шараларға тыйым салу сақталып отыр. Мониторингтік топтардың саны бірнеше есеге артты, олар 350 рейд жүргізді, 15 карантиндік режимді бұзу анықталды, 10 айыппұл салынды. Сонымен қатар, вакцинацияның пайдасы туралы түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Науқанға блогерлер де тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова мәлімдеді.
КВИ қарсы вакцинациялаудың пайдасы туралы түсіндіру жұмыстары күшейтілді - Ақмола облысының әкімдігі
Тегтер:
денсаулық сақтау