Қоғамдық кеңестер 5 институционалды реформа шеңберінде 2015 жылы енгізілген институт. Тәжірибе көрсеткендей, осы уақыт ішінде қоғам мен биліктің арасындағы жалғаушы ретінде өзінің тиімділігін, жалпы қоғам өміріне қажеттілігін көрсетті. Бес жылда мемлекеттік қызмет сапасына қоғамдық мониторинг аясында 1000-нан астам зерттеу жүргізілді. Халықты толғандыратын өзекті мәселелерді ашық талқылау нәтижесінде 2000-нан астам мәселе көтерілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов мәлім етті.