2014 жылы ҚР жаңа Қылмыстық-процестік кодексі қабылданғаннан бастап оның 173-бабын іске асыру үшін Қаржы министрлігі ІІМ-мен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңын әзірледі, ол 2020 жылғы 1 шілдеден бастап іске асырылуда. Қылмыстан зардап шеккендерге, адамдарға емделуге, оңалтуға, сондай-ақ қаза болғандарды жерлеуге жұмсалатын шығындардың орнын толтыруды жедел жүргізуді көздейтін заң республикамызда алғаш рет әзірленді. Бұл қандай құжат және оның қалай жұмыс істейтініні туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифинте айтып берді.