Браконьерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты күшейту мақсатында жыл сайын ЭГТРМ, ІІМ мен ҰҚК-нің бірлескен бұйрығымен көктемгі және қысқы кезеңдерде кең ауқымды «Киік» табиғат қорғау акциясын өткізу жоспарлары бекітіледі. Осы акцияны іске асыру шеңберінде алдын алу іс-шаралары жандандырылды, киіктердің браконьерлігіне, олардың дериваттарын, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы жабайы фаунаның басқа да түрлерін өткізуге және сатып алуға маманданған бірқатар қылмыстық топтардың жолы кесілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев мәлімдеді. Жыл басынан бері инспекторлар киіктерге браконьерліктің 56 фактісін анықтады, 4077 мүйіз және 141 киіктің ұшасын тәркіледі.