Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің негізгі міндеті жануарлар дүниесін сақтау болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанның фаунасы 835 түрден тұрады. Браконьерлікпен күрес шаралары туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев айтып берді.