Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алуды жеделдету қажеттігін атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ тіркеген вакциналарды сатып алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Елімізге CoronaVac, VeroCell бар, Pfizer-BioNTech вакциналарын жеткізу жоспарланған. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, компаниямен келісімшартқа қол қойылды, жақын арада вакцина жеткізіледі деп күтілуде.