«Дені сау ұлт» Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы 4 бағыттан тұрады. Бірінші бағыт медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырумен байланысты; екінші бағыт эпидемиологиялық болжам мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыруға арналған; үшінші бағыт отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал ететін болады; төртіншісі - салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін ұлғайтуға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Стратегиялық құжаттың перспективалары туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.