Пандемия санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту қажеттілігін көрсетті және мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының екінші бағытында биоқауіпсіздік және сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының үлесін үштен бірге, 90% дейін арттыру жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің бас дәрігері Алексей Цой хабалады.