Қазақстанда балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру жобасы бойынша ауылда балаларды қамту көрсеткіштері қалаларға қарағанда төмен. Неге? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов аталған жобаның мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынғанын атап өтті. Ал балаларды спорт секцияларымен және шығармашылық үйірмелерімен қамту жергілікті жерлердегі сұранысқа және қаржыландыруға байланысты.