Қор алдымызға үлкен міндет қойды: Орталық Азия мен Кавказ елдерін әлемдік ғылымға жақындату. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Инклюзивті даму қорының директоры Мақсат Курбенов мәлімдеді. Ол Нобель фестивалі барлық қатысушылар үшін тегін өткізілетін аймақтағы ең ауқымды және ықпалды ғылыми – білім беру шарасы екенін атап өтті.