2021 жылғы 7 қазанда ҚР Президенті Қ. Тоқаев 10 ұлттық жобаның тізбесін бекітті. Олар ұлттық даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру мақсатында қабылданды. Ұлттық жобалар жобалық тәсілді пайдалана отырып іске асырылатын болады, оның негізгі қағидаттары нәтижеге бағдарлану; күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін дербес жауапкершілік; әріптестік және жобаларды іске асыруға барлық мүдделі тараптарды тарту болып табылады. Ұлттық жобаларды іске асырудың жобалық тәсілі барлық мүдделі тараптарды тартуды көздейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҰЭМ жобалық басқару саясаты департаментінің директоры Илона Шварцкопф хабарлады.