Ағымдағы жылдың ақпан айында Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу офисі құрылды. Ол кезде ұлттық жобаларды қабылдау, әзірлеу және талқылауға дайындық жұмыстары жүргізілді. Берік нормативтік база құрылды және ҚР ҰЭМ жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті үлгілік регламент қабылдады. Бұл құжаттарда ұлттық жобалардың қалай іске асырылатыны жан-жақты сипатталған. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық жобаларды іске асырылуына мониторинг жүргізу офисінің басшысы Арман Евниев айтып берді.