Ұтымды, тиімді, үнемді. Жобалық кеңсе жұмысының қандай нәтижесі жайлы айтылып отыр? Ұлттық жобалармен қанша үнемдеуге болады? Шамамен 1 трлн теңге. Орталық коммуникациялар қызметінде журналистің сұрағына берген жауабында ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу офисінің басшысы Арман Евниев осындай көрсеткіштерді жария етті.