Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауындағы Ішкі істер министрлігіне пенитенциарлық мекемелер мен халықпен жұмыс жасайтын полиция бөлімшелерін үздіксіз бейнебақылауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Қазір барлық полиция бөлімшелерінде ағымдағы жылы аяқталатын бейнебақылау жүйесін орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде 16 658 камера орнатылатын болады. ІІМ басшысының орынбасары Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, енді полиция қызметкерлерінің өздері де бейнебақылауда болады, олардың қызметі халыққа ашық болса, халықтың шағымдар саны да азаяды.