Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде Жедел бақылау орталықтары ерекше маңызды. Өйткені дәл осы жерге бейнебақылау камераларынан және 102 қосымшасынан барлық оперативтік ақпарат келіп түседі. Ал ЖБО-на қиылыстардағы, мектептердегі, сауда ойын-сауық орталықтарындағы, саябақтардағы, вокзалдардағы, әуежайлар және т.б. жерлердегі камералардан видео келетінін ескерсек, оларды модификациялау қажет болды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ басшысының орынбасары Сәкен Сәрсенов перспективалар туралы айтып берді. Оның атап өтуінше, қазірдің өзінде ЖБО жүйесіне талдау функциясын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, оқиға орнына полицияның жедел жөнелуі үшін жақын маңдағы бос патрульді автоматты түрде анықтау функциясы қарастырылған.