Биоәртүрлілікті сақтау мәселелері жаһандық мақсатты міндет болып табылады. Осыған байланысты, Ұлттық жоба шеңберінде 4 міндетті қамтитын «Табиғат» бағыты қарастырылған. Экожүйелердің орнықты дамуы үшін, әлемдік тәжірибе бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы шамамен 10-12%-ды құрауы тиіс. Қазақстанда бүгінгі күні ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үлесі жалпы аумақтың 9,6%-ын құрайды. Осыған байланысты, «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркін, «Мерке» қорықтар табиғи паркін құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.