Көптеген қалада ауаның ластану деңгейі жоғары. Бұл проблеманы шешу үшін қандай шаралар қабылданады? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев модератордың осындай сұрағына жауап берді. Оның айтуынша, бұл өзекті мәселе және негізгі ластаушылар осы қалаларда орналасқан кәсіпорындар болып табылады. Олардың жалпы саны – 16. Бүгінде олардың әрқайсысымен тиісті кездесулер өткізілді.