Салықтық тексерулер сияқты превентивті бақылау шараларымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті іс жүзінде салық салынатын базаны – ірі салық төлеушілерді мониторингтеуді айқындау мақсатында қаржы-шаруашылық қызметті талдауды жүзеге асырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Әнуар Сүлейменов хабарлады.