Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендіруді реформалауға және оңайлатуға ерекше көңіл бөлуде. Бүгінгі күні цифрлық шешімдерді енгізу мен қашықтықтан әкімшілендіруді дамытуда оңайлатудың әлеуеті байқалуда, оның басымдығы транспаренттік қатынастарға негізделген жаңа жоба – деңгейлес мониторинг болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Әнуар Сүлейменов хабарлады.