ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марсұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шегіртке және карантиндік зиянкестерге қарсы күрес, егістіктерді аса қауіпті зиянды организмдерден қорғау жөніндегі ағымдағы жағдайд туралы хабардар етті. Республика аумағында ерекше қауіпті организмдердің 11 түрі, зиянды организмдердің 5 түрі және карантиндік объектілердің 14 түрі таралған. Шегірткелермен күресуге ерекше көңіл бөлінеді.