Биыл зиянды арамшөптер бойынша тексеру алаңы – 8,8 млн га құрады. Арамшөптерге қарсы химиялық өндеу жумыстары 11,3 млн га алаңда жүргізілді, оның ішінде 10,9 млн га – дәнді дақылдар. Биыл гербицидтерге бөлінген субсидия мөлшері 32,3 млрд тенгені құрады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс осындай деректерді келтірді.