Биыл карантиндік аурулардың, арамшөптер мен зиянкестердің таралуы – 65,2 мың га алаңда болжанды, оның ішінде зиянкестер – 6,79 мың га, карантиндік арамшөптерге қарсы – 57,4 мың га, аурулар – 1 мың га алаңда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марсұлы хабарлады. «Химиялық өңдеу уақытылы және бүкіл аумақта жүргізілді. Бұл карантиндік объектілермен залалдану алаңын 2018 жылғы 123 мың гектардан 2021 жылы 65 мың гектарға дейін төмендетуге мүмкіндік берді», - деді АШМ өкілі.