2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу доктринасы 2 сценарийді қамтиды: негізгі және көміртекті бейтараптық. Базалық сценарий, бұл экономиканы декарбонизациялау шараларынсыз жол. Модельдеуге сәйкес базалық сценарий экономика өсімінің болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Бұл сыртқы үш фактордың әсеріне байланысты. Оларды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев атап өтті.