Соның бірі Қазақстанда СО2 шығарындыларын азайтуға бағытталған ЖЭК ірі жобаларын іске асыру бойынша БАӘ-мен инвестициялық ынтымақтастық болып табылады. Құжатта көрсетілген барлық жобалар енгізілген Экологиялық кодекс пен Париж келісімінің нормаларына сәйкес келеді. Келісімде ЖЭК үлесін 2025 жылға қарай ағымдағы 3%-дан 6%-ға дейін жеткізу көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экология министрі Серікқали Брекешев мәлім етті. Оның айтуынша, бұл энергетикалық сектордың декарбонизация жолындағы мүмкіндіктерін арттыруға әкеледі.