Мемлекет басшысының Жолдауы аясында айтылған тапсырмасын орындау «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы әзірленді. Оның мақсаты – елімізді заманауи мемлекетке айналдыру. Цифрлық трансформация арқылы тиімді мемлекеттік басқару, сенімді деректер негізінде шешімдер қабылдау, сондай-ақ цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдат мәлімдеді.