Мемлекетпен дауларда заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау - әкімшілік соттардың міндеті. 4 айда елдің әкімшілік соттары 2 206 шешім шығарды. Олардың 46% қанағаттандырылды, яғни жағдайлардың жартысына жуығында азаматтар жеңіске жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин мәлім етті.