Президент халық арасында қалыптасқан судьяның теріс бейнесін өзгерту және судьялар қатарын белсенді тазартуды жалғастыру қажет екенін айтты. Осы мақсатта қандай жұмыстар атқарылуда? Биыл сот төрелігін жүзеге асырудағы бұзушылықтар үшін қанша судья жұмыстан шеттетілді? Судьяның бейнесі өзгерді ме? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында осындай сұрақ қойылды.