ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында осы екі бағытты жүзеге асыру бойынша жоспарларға тоқталды. Төрт тапсырма, 20 көрсеткіш пен 94 іс-шара көзделген. Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 7,6 трлн теңге, оның ішінде 4 трлн теңге республикалық бюджеттен, 786 млрд теңге жергілікті бюджеттен қарастырылады. Сонымен қатар 2,8 трлн теңге жеке инвестиция тарту қамтамасыз етіледі.