Қазақстан қай елдерге газ экспорттайды және қай елдерден импорттайды? Елімізде газ қоры неше жылға жетеді? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков журналистердің осындай сұрақтарына жауап берді. Оның мәліметінше, Қазақстанда газ қоры 4 трлн текше м жуық. Бүгінде еліміз Қытайға, Ресейге газ экспорттайды.