Орта есеппен құтқару бөлімшелері күн сайын әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға 100-ден 150-ге дейін рет шығады. Әрине, олардың негізгі үлесі өртті сөндіруге тиесілі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлімдеді.