Бедеулік ерлі-зайыптылардың және әсіресе әйелдердің өміріне айтарлықтай теріс әсер етеді, нәтижесінде зорлық-зомбылық, ажырасу, әлеуметтік стигматизация, эмоционалды стресс, депрессия және өзін-өзі бағалаудың төмендеуі орын алады. Бұл маңызды медициналық-әлеуметтік проблема болып қала береді. Бедеулік проблемасын шешу отбасын құру құқығын іске асырудың маңызды бөлігі болып табылады, әртүрлі себептерге байланысты балалы болу мүмкіндігінен айырылған пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова өзекті мәселе көтерді.